Қашықтықтан білім беру

Қашықтықтан оқыту технологиялары – білім берудегі перспективалық инновациялық бағыттардың бірі әрі оларды іске асыру «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының» бір бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қашықтықтан оқыту технологияларын өмір бойы оқу үшін мүмкіндік беретін тиімді құралдардың бірі ретінде қарастырады.  ХБК-да қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 578 қаулысына және «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (05.06.2019 жылғы өзгерістермен) сәйкес қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайтын ҚБТ бойынша ереже негізінде іске асырылады.              2014 жылдың басынан бастап Халықаралық білім беру корпорациясында «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE АЖ)» қашықтықтан білім беру порталы – модульдік объектілі-бағытталған динамикалық оқу ортасы ашылды. Mood1e – бұл оқытушылар мен тыңдаушылар арасындағы өзара іс-әрекетін ұйымдастыруға, сондай-ақ дәстүрлі қашықтықтық курстарды ұйымдастыруға бағытталған сайт мазмұнын басқару жүйесі (Content Management System CMS). http://elearning.kazgasa.kz порталдарын пайдаланушылар ЖОО пәндері бойынша білім беру материалдарына қол жеткізе алады, тапсырмаларды орындайды, сынақ тестілеуінен өтеді, кеңес алады.  
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;  2) барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын тұлғалар;
3) «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушылар;
4) жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар;
5) жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар.