Халықаралық бағдарламалар

 

Болашақ халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Сайтқа сілтеме: https://www.bolashak.gov.kz/

 

Чивнинг стипендиясы - Сыртқы істер министрлігі мен серіктес ұйымдар қаржыландыратын Ұлыбритания үкіметі стипендиясының ғаламдық бағдарламасы. Стипендия негізінен магистр дәрежесін алу үшін бір жылға беріледі.

Оқытудың басым салалары:

  • Саясат және халықаралық қатынастар

  • Құқық және мемлекеттік басқару

  • Экономика, бизнес және инновациялар

  • Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны зерделеу және энергетикалық қауіпсіздік

  • Ғылым және ғарыш

  • Журналистика

Сайтқа сілтеме: http://www.chevening.org/apply/

DAAD Қазақстанда

 

15 жылдан астам уақыт бұрын Академиялық Алмасудың Германдық Қызметі (DAAD) Қазақстанда өз жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде 1 500-ден астам қазақстандық студенттер, мамандар және ғалымдар DAAD стипендиясы бойынша зерттеп, оқыды. Ондаған неміс ғалымдары мен оқытушылары қазақстандық университеттерде жұмыс істеді.

DAAD мынадай тақырыптар бойынша кеңес береміз:

  • Германияның жоғары оқу орындарында оқу

  • Германиядағы оқу туралы ақпарат

  • Жоғары оқу орындары, оқу курстары және қабылдау шарттары туралы ақпарат

  • DAAD және басқа да неміс ұйымдарының стипендиялары

  • Стипендиалды бағдарламалар туралы ақпарат

  • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

  • Германиядағы зерттеулер

  • Ғылыми жетекшіні іздеудегі көмек

  • DAAD стипендиялары және басқа мүмкіндіктер туралы ақпарат

  • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

Сайтқа сілтеме: http://www.daad.kz/

 

Бағдарлама Дж. Вильяма Фулбрайт 1946 жылы Америка халқы мен Әлемнің түрлі елдерінен келген адамдар арасындағы өзара келісімді ілгерілету үшін құрылған. Бүгінгі таңда, Фулбрайт бағдарламасы әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі. Осы бағдарламаның жүздеген түлектері бүкіл әлем бойынша саясатта, білім беру саласында, журналистикада және жеке секторда жоғары қызмет атқарады. Әлемнің он бір елінен келген Фулбрайт бағдарламасының отыз тоғыз түлегі Нобель сыйлығының лауреаттары (Муххамед Юнус пен Милтон Фридманды қоса алғанда).

Фулбрайт бағдарламасы бойынша гранттар ашық конкурс негізінде беріледі. Бұл ең лайықты үміткерлерді адал іріктеуге және осы бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге, атап айтқанда, қабылдаушы ғана емес, туған елі үшін үлес қосу жолымен өзара түсіністік пен өзара тиімділікке қол жеткізуге ықпал етеді.

Сайтқа сілтеме: https://kz.usembassy.gov/