2020-2021 оқу жылының екінші семестріндегі сабақ форматы

ХБК академиялық күнтізбесіне сәйкес барлық сабақтар 2021 жылдың 25 қаңтарында басталады!
Сонымен бірге, 1 курс студенттері аралас оқыту форматындағы (дәрістер және ОБӨЖ - онлайн режимінде, семинарлар, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар, санитарлық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып сабаққа қатынасу форматында) сабақтарды бастайды.
Оқудың барлық деңгейлерінің басқа курстарының студенттері белгіленген кестеге сәйкес сабақты аралас форматта бастайды (өтінеміз, ХБК білім беру порталындағы жеке кабинетіңізді қараңыз).
ХБК сайтында Студенттер үйіне студенттерді орналастыру тізімімен таныса аласыз (https://mok.kz/ «Студенттер үшін» бөлімінде). Үйде тұратын студенттерге оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін ноутбук немесе компьютер қажет
Қалалық емес студенттер үшін Алматы қаласындағы хостелдерге орналастыру форматы ұсынылады (ақпаратты ХБК білім беру порталындағы жеке кабинеттен немесе деканаттан алуға болады).
Білу маңызды:
- Барлық корпустар мен студенттер үйі жанаспайтын термометрлермен, антисептикалық зарарсыздандырғыштармен және дезинфекциялық туннельдермен жабдықталған.
- ХБК-ның барлық корпустарында медициналық орталықтар күшейтілген режимде жұмыс істейді
- Білім алушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін барлық аудиторияларда шектеуші белгілер қолданылады
- Семинарларға, зертханалық және практикалық сабақтарға арналған аудиториялар әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып, 40% -дан аспауға яғни, 1 адамға - 5 ш.м.арналған болуы керек.
- ХБК корпустары мен Студенттер үйінің аудиторияларын үнемі дезинфекциялық өңдеу және кварцтеу жоспарланған.
- ХБК корпустарында  және Студенттер үйінде бетперде кию бәріне міндеттеледі!
- Бетперде киюден бас тартқан немесе ол болмаған жағдайда ХБК студенті, қызметкері немесе оқытушысы ғимаратқа, аудиторияға немесе Студенттер үйіне кіргізілмейді!