Декан блогы

Декан блогы

Құрметті достар!

Құрылыс технологиясы, инфрақұрылым және менеджмент факультетіне қош келдіңіздер!

Біздің факультеттің мамандықтары еңбек нарығында сұранысқа ие және беделді болып табылады, өйткені біз құрылыс материалдарының, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдардың технологтарын, құрылыс саласындағы экономистер мен менеджерлерді, геодезистерді даярлаймыз.

Факультетте отандық және шетелдік білімі және жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар дәріс береді.

Біздің студенттер Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми конференциялар мен семинарлардың жеңімпаздары болып табылады. Біздің факультеттің түлектері мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде, жеке халықаралық және қазақстандық компанияларында, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларында жұмыс істейді.

Егер Сіз сапалы білім алып, үш және одан да көп тілді меңгерген маман болғыңыз келсе, ҚТИМФ (Құрылыс технологиясы, инфрақұрылым және менеджмент факультеті)  студенті болуға шақырамыз. Қош келдіңіздер!

Толық ақпарат алу үшін ҚазБСҚА-да біздің факультетке келуіңізге немесе fstim2019@mail.ru пошталық мекен-жайға жазуыңызға болады.

 

Құрметпен, факультет деканы,

т. ғ. к., ассоц. профессоры,

2018 ж. "ЖОО үздік оқытушысы"

Естемесова Ақсая Сансызбайқызы

тел: 8 701 252 25 15

e-mail: axaya73@mail.гu