Жалпы құрылыс факультеті

Факультетте 39 оқытушы және 2 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың 2- құрметті профессорлар, 5- академиялық және 17-ассоцияланған профессорлар, 15-профессор ассистентері.

Факультет деканы – т.ғ.к., акад. проф. Имамбаева Р.С., Құрылыс факульеттінің түлегі. Академиялық профессорлар - Кусаинов А.А., Бесимбаев Е.Т., Мауленов Ж.К., Имамбаева Р.С., Тойбаев К.Д., Абаканов Т.Д.

Факультетте барлық білім беру деңгейлерінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, 1500-ден астам студент оқиды.

Оқу жұмыстары «Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша, 6В073 «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша жүзеге асырылады:

1. 6В07321 - Ғимараттар мен үймереттерді есептеу және жобалау

2. 6В07322 - Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиялары

3. 6В07323 - Металл конструкцияларын жобалау және монтаждау

4. 6В07325 – Жер сілкінісіне төзімді құрылыс

7. 6В07329 – Гидротехникалық құрылыс

8. 6В07342 – Автокөлік жолдары мен аэродромдардың құрылысы

9. 6В07328 - Қалалық кадастр және мүлікті басқару

10. 6В07327 - Құрылыстағы ақпараттық технологиялар

11. 6В07326 - Қала құрылысы және коммуналдық шаруашылық

12. 6В07351 - Жылу және газбен жабдықтау және желдету

13. 6В07352 - Сумен жабдықтау және канализация

Факультетте ғылыми және оқу зертханалық базасы құрылды және сәтті дамуда - Металл конструкциялары мен олардың қосылыстарын дәнекерлеу және диагностика, Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын тексеру, Ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне тұрақтылығы, Құрылыстағы геотехника, Инженерлік механика, Гидравлика, Жылумен жабдықтау және басқалар.

Факультет республиканың жетекші жобалау және құрылыс компанияларымен тығыз байланыста: «КазНИИСА» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «BI-Group» Холдингі, «KAZGOR» Жобалау Академиясы, «BAZIS-A» компаниялар тобы, «АЛПРОФ» ЖШС,   «Институт Казгипроводхоз» жобалау компаниясы, «Казахский Водоканалпроект» АҚ, ШЖҚ МКК «Алматы су», «Inter Clima» ЖШС, «AVC Enginееring» ЖШС және тб.