Жалпы білім беру пәндері факультеті

Факультет миссиясы – ҚазБСҚА-да білім алған болашақ мамандардың жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін жоғары сапалы гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану-ғылыми біліммен қамтамасыз ету. «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде жастардың рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиесін арттыру.

Жалпы білім беру пәндері факультетін құрудағы мақсат – жаратылыстану ғылымдарымен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша студенттерді жүйелі дайындау, сондай-ақ жастардың дене тәрбиесін арттыру. Мол тәжірибесі бар оқытушылар белсенді әдістемелік және ғылыми қызметті жүзеге асырады. Факультет ішінде секцияларда базалық, қолданбалы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін талқылау бойынша әдістемелік семинарлар ай сайын өткізіледі. Ұжымның бірлігін көрсететін факультет дәстүрлерінің бірі–оқу-тәрбие үдерісін мәселелерін шешуде, жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциялар, әр түрлі пәндер бойынша мектеп түлектері үшін олимпиадалар өткізу.