Білім берудегі инновациялар

МИНОР ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Минор бағдарламасы – студент ЖОО ұсынатын мамандықтар тізбесінен таңдай алатын қосымша дайындық бағытының (мамандықтың) бағдарламасы. 

Теориялық оқу курсын аяқтағаннан кейін және негізгі мамандық (Major) бойынша бакалаврдың академиялық дәрежесін алғаннан кейін, студентке қосымша мамандықтың (Minor) игерілген пәндер бойынша белгіленген үлгідегі дипломға қосымша беріледі. 

Минор бағдарламасын дамытудың негізгі мақсаты – қосымша білім беру бағдарламалары бойынша дайындықтан өтуге мүмкіндік беру арқылы болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, максималды жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер жасау.

Минор бағдарламалар каталогы

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ

Қазақстанда инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі жастарды толыққанды білім алудың әдістерін, материалдық-техникалық базаларын өзгерту арқылы оларды білім беру жүйесіне қосу арқылы олардың әдеуметтенуінің бір мүмкіндігі болып табылады.

2019-2020 оқу жылында ХБК «Инклюзивті туризм және сәулеттік мұра» білім беру бағдарламасын әзірледі.

Мүгедектер мен денсаулық мүмкіндігі шектеулі студенттерді психология-педагогикалық қолдау туралы ереже