Тарихы

ҚазБСҚА жыл сайын Халықаралық Еуразия сәулет, құрылыс және дизайн мектептерінің фестивалін өткізеді. Фестивалді өткізуге алғаш рет ҚазБСҚА президенті проф. Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы мен ТҮРКСОЙ бас хатшысы проф. Касеинов Дүйсен Құрабайұлы бастамашы болды. Осылайша академия шетелдік университеттің негізінде ауқымды іс-шараны ұйымдастырған алғашқы қазақстандық ЖОО атанды.

Фестиваль тарихы 2009 жылдан бастау алады.

І Халықаралық Фестивалға Еуразияның 7 елінен 18 жоғарғы оқу орны қатысты. Түркиядағы Малтепе университетінде ең үздік деген 115 жоба ұсынылды.  

2011 жыл. ІІ Халықаралық Фестиваль Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясында өтті. Еуразияның 8 елінен 36 жоғарғы оқу орны қатысты. Байқауға 200 жоба ұсынылды.

2013 жыл. III Халықаралық Фестиваль Йылдыз техникалық университетінде өтті. Еуразияның 12 елінен 38 жоғарғы оқу орны қатысты. Байқауға 261 жоба ұсынылды. 

2014 жыл. IV Халықаралық Фестиваль Ыстықкөл жағасында (Қырғызстан) өтті. Еуразияның 8 елінен 33 университет қатысты. Байқауға 241 жоба ұсынылды.  

2015 жыл. V Халықаралық Фестиваль Флоренциядағы Ромуальдо дель Бианко қорының базасында өтті. Еуразияның 15 елінен 37 университет қатысты. Байқауға 217 жоба ұсынылды.    

2016 жыл. VI Халықаралық Фестиваль Солтүстік Кипрдің Таяу шығыс университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Еуразияның 18 елінен келген 51 университет бас қосты. Байқауға 246 жоба түсті.

2017 жыл. VII Халықаралық Фестиваль Самар мемлекеттік техникалық университетінде өтті. Еуразияның 18 елінен 56 университет қатысты. 332 жоба ұсынылды.

2018 жыл. VIII Халықаралық Фестиваль қатысушыларын Молдовадағы Техникалық Университет қабылдады. Еуразияның 17 елінен 64 университет қатысып, 383 жоба ұсынды.

2019 жыл. IX Халықаралық Фестиваль Ташкент сәулет-құрылыс институты, М.Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институты, Бұқара инженерлік-технологиялық институтының қолдауымен өтті. Дәстүрлі форумға Еуразияның 19 елінен 83 университет қатысты. Халықаралық байқауға 552 жұмыс ұсынылды.

Фестиваль туралы толық  ақпарат