Баспа үйі

«Құрылыс және сәулет» Баспа үйінің тарихы Университеттің тарихымен тығыз байланысты және бастамасы 1991 жылдан бері келе жатыр. Осы уақыт бойы біздің Баспа үйіміз еліміздің көптеген жоғары оқу орындарын кітап, оқу-әдістемелік материалмен қамтамасыз етіп келеді.

Қазіргі кезде «Құрылыс және сәулет» Баспа үйі әртүрлі білім саласы, оның ішінде, құрылыс, сәулет және дизайн, инженерлік жүйелер, экология, экономика, жаратылыс және гуманитарлық ғылымдар бойынша, ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиет шығаратын республикамыздағы жоғары оқу орындарының арасында ірі баспа болып табылады.

Басылып шығатын өнімдердің ассортименті әртүрлі, оның ішінде оқу­лықтар мен оқу құралдары, монографиялар мен конференция материал­дарының жинақтары, биобиблиографиялық көрсеткіш, нормативті-реттеме­леуші әдебиет және де «ҚазБСҚА Хабаршысы», «Transactions of Kazakh-American university» ғылыми журналдары.

Баспа үйінен бұдан басқа қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарнамалық буклеттер басылып шығады.

Баспа үйінің жұмыс істеген уақыты аралығында ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиетінің 4 мыңнан астам атауы дайындалып басылып шыққан. Жыл сайын оқу-әдістемелік әдебиетінің жаңа шығарылымдары көбейіп, сапасы жақсарып келе жатыр.

Мемлекеттік тілде шығатын әдістемелік нұсқаулардың көлемі көбейіп жатыр.

«Құрылыс және сәулет» Баспа үйі замануи техникаларымен жабдық­талған және қызметкерлері жоғары деңгейлі мамандар ақ-қара (бір түсті) баспа беттен бастап түрлі-түсті буклетке дейін полиграфиялық өнімдердің 40-тан астам түрлерін шығаруға мүмкіндігі бар.

Сіздерге келесі қызметтер тізімін ұсынамыз:

  • Дипломдық, бухгалтерлік құжаттарды түптеу (жұмсақ, қатты);
  • Құпия бөлімнің журналын тігіп, түптеп жасау;
  • А-3, А-4 пішімдегі карта, сызба, сұлба, техникалық құжаттардың мұқабасын жасау;
  • Кітапша-дәптерлік, журналдық және альбомдық түрін түптеп жасау;
  • А-3 пішімдегі қабыршақты ыстықтай тығыздау;
  • А-5 тен А-3 дейінгі пішімді цифрлік принтерде түрлі-түсті басу;
  • RISO-да басып шығару;
  • Термотүптеу;
  • Қапсырмамен тігу;
  • А2, А1,  пішімде плоттерде басып шығару; плакаттар мен дипломдық жобалар;
  • Визитка, буклет, анықтама, үнпарақ, ашық хат, диплом, мақтау қағаз, күәлік, биобиблиографиялық көрсеткіштерді жасау;
  • Ламинациялау;
  • Тұпнұсқа макетін құрастыру;
  • Құжаттаманы түптеу;
  • Мәзір түрін, шарап картасын жасау;
  • Монография, әртүрлі күрделілігі бар естелік кітаптарды өңдеп, жасау;
  • Қатты түптеу арқылы есеп-қисап журналдарын жасау;
  • Блоктарды қолмен тігу.

ПРАЙС

Басылым түрлері

  • Оқу-әдістемелік басылымдар;
  • Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар;
  • Оқу құралдары;
  • Әдістемелік нұсқаулар және т.б.;
  • Монографиялар;
  • ҚазБСҚА Хабаршысы, «Transactions of Kazakh-American university»;
  • Авторлық кітаптар;
  • Библиографиялық көрсеткіштер;
  • Мерейтойлық кітаптар;
  • Буклеттер;
  • Визиткалар;
  • Басқа.


Біздің мекенжайымыз:

Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков көшесі, 28, Мустафин көшесінің қиылысы (аялдама – ҚазБСҚА), 
Бас оқу корпусында, №3, 5 кабинеттер.

Біздің телефондарымыз: 8 (727) 220-81-04, 87772268468 директоры, 

87078829474 БҮ редакторы.

е-mail: mira_chelkar@mail.ru.