Аудиториядан тыс жұмыстар

 

Аудиториядан тыс жұмыс білім алушылармен тәрбие жұмысын, халықаралық қызметті, жоғары оқу орнының имидждік жұмысын, кәсіптік бағдар беру жұмысын қамтиды.

Факультетте тәрбие жұмысы келесі бағытта жүргізіледі:

1. Тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету.

2. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие бойынша іс-шаралар.

3. Тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы бойынша іс-шаралар.

4. Білім алушылардың әлеуметтік маңызды қасиеттерін және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға, жас таланттарды дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шаралар.

5. Студенттер үйіндегі тәрбие жұмысы.

Факультет студенттері келесі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады:

  • ҚР Президентінің жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел;
  • Сенбіліктер;
  • Наурыз және Қазақстан Республикасының басқа да мерекелері;
  • КТА ойындары;
  • Студенттер қатарына қабылдау;
  • Спорттық іс-шаралар және т.б •

Исмаилова Ш.Т., ЖҚФ 3 курс студенті, «Үздік студент-2019» 27.11.2019ж. Нұр-сұлтан қаласы

«КазГАСА» КВН командасы, 1/8 финалға жолдама иегерлері. «Маусымашардың ең үздік командасы» номинациясының жеңімпаздары. 30.10.2019ж.