Ғылыми жұмыс


ҚТИМ факультетінің негізгі ғылыми бағыттары:
 
- жергілікті шикізат негізінде жоғары функционалды бетондарды әзірлеу;
- техногендік шикізатты пайдалана отырып түрлендірілген бетондар мен құрғақ құрылыс қоспалары;
- табиғи талшықтар негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар;
- тиімді импорт алмастырушы материалдар;
- бөлшектелген керамиканың қасиеттерін зерттеу және жасау;
- ағаш өңдеу және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан экоқұрылыс материалдарын алу технологиясын кұру;
- жоғары толтырылған коррозияға қарсы қорғау жабындылары;
- мұнай өндірісінің қалдықтары негізінде жол жабындарын алу тәсілін әзірлеу;
- Алматы геодинамикалық полигонында геодезиялық мониторинг;
- жер беті объектілерінің мониторингі үшін ДДЗ қолдану;
- өндірістің әртүрлі салаларындағы техногендік және табиғи сипаттағы қауіпсіздік жағдайларын зерттеу;
- желілік құрылыстарды салу кезінде жергілікті жердің сандық моделін құру және дайындау әдісін жетілдіру.
- жаһандану жағдайындағы құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігі;
- құрылыс материалдарын өндіруде үнемді басқару
 
«НОПРИЗ» халықаралық кәсіби конкурсының қорытындысы
 
2019 жылдың 22 қарашасында Ресей көркемөнер Академиясының ғимаратында (Мәскеу қ.) 2019 жылдың үздік жобасына арналған іздеушілер мен жобалаушылар ұлттық бірлестігінің халықаралық кәсіби байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Президент НОПРИЗ Михаил Посохин және Ресей көркемөнер академиясының президенті Зураб Церетели қатысты. Біздің факультеттің магистранты Серіков Айдархан «Іске асырылмаған жобаның ең үздік тұжырымдамасы» номинациясына ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі - ҚТИМФ деканы Естемесова Ақсай Сансызбайқызы.
 
 

PhD дәрежесін алу

2020 жылдың 27 ақпанында ҚТИМФ оқытушысы Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна Satbayev University бойынша PhD дәрежесін алды.

Халықаралық байланыстарды дамыту ҚТИМФ және Астрахань мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті

Астрахань мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің Геодезия және кадастрлық есеп кафедрасының бастамасымен құрылыс технологиясы, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің т.ғ.к., ассоц. профессоры Кузнецова Ирина Анатольевна шақырылды.
03.02.2020-20.02.2020 аралығында "Қолданбалы геодезия" мамандығының 1 және 2 курс студенттері үшін "Геодезия" пәні бойынша практикалық сабақтар мен дәрістер өткізілді.
 
 
Атқарылған жұмыс нәтижесінде ХББК мен АГАСУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Университет басшылығы ХББК президенті А. А. Құсаиновқа, ХББК ректоры Е. Т. Бесимбаевқа және ассоц. профессоры И. А. Кузнецова алғыс хаттарына ие болды.