Ғылыми жұмыс

Факультеттің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • құрастырмалы-жиылмалы және жиналмалы металл-тент ғимараттарының конструктивтікқ шешімдері, жұқа қабырғалы конструкциялардың кернеулік-деформациялық күйін зерттеу;
  • серпінді көп қабатты тақталарды есептеу әдістерін жетілдіру;
  • ғимараттардың, тірек қабырғалардың жер асты бөліктерін жобалау, топырақ массивтерінің еңістерінің және бөктерлерінің тұрақтылығын зерттеу және ғимараттардың негіздерін жобалау;
  • шайып әкелінген топырақтағы негіздер мен іргетастардың оңтайлы нұсқаларын зерттеу және әзірлеу;
  • ғимараттар мен имараттардың статикалық және динамикалық тұрақтылығы;
  • дүлей апаттардың санын азайтудың халықаралық стратегиясы бойынша БҰҰ бағдарламасына қатысу;
  • кеңістіктік конструкциялар мәселелері;
  • ғимараттар мен имараттарды селден қорғау мәселелері;
  • ғимараттар мен имараттарды зерттеу мәселелері және оларды күшейту мен қайта құру әдістері;
  • темірбетон конструкциялардағы арматураның бетонмен ілінісу, қолоданыстағы ғимараттар мен имараттарды тексеру мәселелері;
  • жер қазатын және жер қазып-тасымалдайтын машиналардың жұмыс органдарын жетілдіру бойынша зерттеулер;
  • құрылыс машиналарының көп білікті қозғалғыш жүйелерінің тарту-тіреу қасиеттерін зерттеу;
  • ЖГҚЖ қазіргі заманауи жүйелерінің инженерлік-экологиялық мақсаттарын шешу;
  • өнеркәсіптік мекемелерді сумен жабдықтаудың экологиялық таза жүйелерін әзірлеу;
  • су тарту кезінде және ғимараттардағы салмақты сорғылармен күресуде оңтайлы шешімдер;
  • тұндырғыштарды гидравликалық есептеу тәсілдері;
  • ЖГҚЖ қазіргі заманауи жүйелерінің инженерлік-экологиялық мәселелері;
  • мақта-мата өнеркәсібінің ағынды суларын тазалаудың тиімді тәсілін қолдану;
  • қарнақты ұңғымалық сорғының энергия үнемдеу жетегінің конструкциясын әзірлеу және құбырларда мұнай тасымалдау үшін турбулентікке қарсы присадкалар әзірлеу.

Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы ғимараттар мен имараттарды жобалау саласындағы әлемдік тәжірибені ескеріп, құрылыс конструкцияларын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Соңғы 10 жылдың ішінде ғана ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша факультет қызметкерлері өнертабыстарға шамамен140 авторлық куәліктер, патенттер алды, түрлі ғылыми жинақтар мен журналдарда 15-тен астам монография және 600 мақала жариялады, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде 12 оқулық, 14 оқу құралы, 170 ғылыми мақалалар, 15 ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды және 10 республикалық студенттік конференцияларға қатысты. Факультеттің қалыптасуы мен дамуына ірі ғылым және оқу орталықтары зор үлес қосты: Ломоносов атындағы ММУ, ММҚУ, БТҒЗИ және Мемл.құр. ҚКОҒЗИ (Мәскеу), ДМҚСА (Украина), ҚазМУ, ҚазҰТУ.

ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПОҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ БАҒЫТТАРЫ (ПАСПОРТТАР)

ҚР ҒТК ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БАСЫМДЫҚ КОНТЕКСТІНДЕГІ ЖҚФ ПОҚ-НЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІ КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯЛАУ