Ғылыми-зертханалық кешен

Ғылыми-зертханалық кешен (ҒЗК) 11 ғылыми және мамандандырылған зертханалардан және сәулет бюросынан тұрады.

Ғылыми-зертханалық кешеннің функциялары:
- ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және сертификаттау қызметін жоспарлау және үйлестіру;
- ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған республикалық, халықаралық гранттар мен бағдарламаларға қатысу, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламалары нәтижелерінің мониторинг откізу;
- негізгі ғылыми және өндірістік бағыттар бойынша әртүрлі деңгейдегі жобалау-конструкторлық және сертификаттық-сынау жұмыстары;
- ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру;
- бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүргізу үшін әлеуетті тапсырыс берушілерді тарту және іздеу;
- өнертабысқа ҚР алдын ала патентін алу үшін өтінімдерді ресімдеу бойынша консультациялық қызмет көрсету;
- нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу.
 
ҒЗК-де жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер саласылары:
- ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын зерттеу;
- құрылыс материалдары мен бұйымдарын физика-механикалық сынау;
- ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі;
- тұтқыр заттар мен бетондар;
- құрылыстағы геотехника;
- құрылыс материалдарының технологиялық қасиеттерін зерттеу;
- жер сілкінісін эксперименттік модельдеу;
- геоақпараттық картографиялау;
- BIM-жобалау;
- ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және үлгілеу, шағын формадағы сәулет саласындағы архитектуралық-инновациялық шешімдер;
- заманауи менеджмент, сандық технологияларды қолдану арқылы құрылыс жұмыстарына сметалық құжаттаманы әзірлеу.
 
Ғылыми зертханалық кешеннің зертханалары:
1. «Құрылыс материалдары мен бұйымдарын физика-механикалық сынау» зертханасы.
2. «Тұтқырғыштар және бетондар» зертханасы.
3. «Құрылыс материалдарының технологиялық қасиеттерін зерттеу» зертханасы.
4. «Металл конструкцияларын және олардың қосылыстарын дәнекерлеу және диагностикалау» зертханасы.
5. «Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін тексеру» зертханасы.
6. «Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығы» зертханасы.
7. «Құрылыстағы геотехника» зертханасы.
8. «Жер сілкіністерін эксперименттік модельдеу» зертханасы.

 

2018-2019 оқу жылында НЛК дамытуға 48 067 837,3 теңге жұмсалды.