Тіркеуші кеңсе

Кеңсе өз қызметін ҚР "Білім туралы" Заңына,  ЖОО қызметін ұйымдастыру Ережелеріне, ХБК регламенттеріне: білім алушыларды қабылдау, аттестаттау және шығару, оқу процесі мен тәжірибе, ҚР білім беру саласындағы  басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

ТІРКЕУШІ КЕҢСЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

- Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

- білім алушылардың дайындық сапасын бақылау;

- қорытынды бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;

-  білімнің кіріс кесіндісін ұйымдастыру және өткізу;

- бітіруді ұйымдастыру және өткізу (түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан  өткізуді бақылау, оларға дипломдарды ресімдеу және тапсыру);

- білім алушылардың  контингентінің қозғалысы;

- статистика және статистикалық есептілікті жүргізу.

ТІРКЕУШІ КЕҢСЕНІҢ  НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

- арнайы (шығармашылық) емтихандар мен талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;

- қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ХБК-ға түсушілермен және қысқартылған мерзімде оқуға түсушілермен сұхбаттасуды ұйымдастыру және бақылау;

- білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтарды дайындау;

- ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес тестілеу жүйесін ұйымдастыру;

-бекітілген кесте бойынша білім алушылардың емтихандық сессияларын және білім алушылардың кіріс тестілерін өткізу үшін материалдар жинау және деректер банкін құру;

- білім алушылардың (бірінші курстан басқа), емтихан сессияларын, кіріс білім деңгейін ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару;

- бақылаудың барлық түрлерінің қорытындысы бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын атап өту және жазалау жөнінде ұсыныстар дайындау;

- есептілік бланкілерінің есебін қатаң жүргізу (ID, дипломдар, академиялық анықтамалар);

- барлық факультеттер бойынша емтихан сессиясын өткізу. Сессия нәтижелерін және ағымдағы эдвайзерлердің  жұмысын  талдау  үшін тиісті деканаттарға жіберу.

ХБК ТІРКЕУШІСІ
Садыкова Асель Ахметбековна
Е-mail:  caa0412@mail.ru
 
ТІРКЕУШІНІҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ  (№ 217)
Телефон/факс: 8(727)220-80-82
 
ТІРКЕУШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ (КАБИНЕТ № 215):
Абдиллаева Фарида Максутовна
Е-mail:  farida_abdi@mail.ru
8(727) 309-77-33, 380-06-66
 
ТІРКЕУШІ КЕҢСЕ (№214 КАБИНЕТ)
Телефоны специалистов: 8(727)3936939