Дайындық курстары

Дайындық курстары (ДК) 2001 жылдан бастап әрекет етеді. Дайындық курстарының тыңдаушысы бекітілген бағдарламаларға сәйкес пәндер бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім алады.

ДК мақсаты Халықаралық білім беру корпорациясына (ХБК) түсу емтихандары анықталған жалпы және бейінді пәндер бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін арттыру болып табылады.

ДК міндеттеріне екі пән бойынша «Сурет» және «Сызу», ҰБТ бейінді/бейінді емес пәндер бойынша, ағылшын тілі бойынша TOEFL/IELTS емтихандарын және компьютерлік сауаттылықты тапсыруға дайындық кіреді.

Оқу немесе еңбек қызметінен қол үзбей оқытудың нормативтік ұзақтығы 12 аптаны құрайды. ДК оқу процесі тыңдаушылар тобының жинақталуына қарай (15 адамнан кем емес) жүзеге асырылады және әрқайсысы 12 аптадан екі лекте ұйымдастырылады. Өтініштерді қабылдау қыркүйек айынан мамыр айына дейін жүзеге асырылады.

Дайындық курстарына түсу үшін талаптар. Дайындық курстарына жоғары немесе орта білімі бар барлық тұлғалар, колледж, гимназия, орта мектептің 9-11 сынып оқушылары қабылданады. ДК аяқталғаннан кейін тыңдаушының ХОК-қа түсу үшін оқытылатын пәндер бойынша жеткілікті білім көлемі болуы тиіс.

Оқу жүктемесінің көлемі және уақыт бюджеті. Дайындық курстарының тыңдаушыларын оқыту екі блоктан тұратын оқу жоспары бойынша жүргізіледі: жалпы білім беру және арнайы пәндер, олар бойынша ХОК-қа түсу емтихандары белгіленген. Жалпы білім беретін пәндер ретінде оқу жоспарына қазақ (орыс) тілі және ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, Математика, Физика, География, Информатика кіреді. Арнайы дисицплин ретінде: сурет, сызу.

ДК-де оқыту кезінде арнайы пәндер бойынша тыңдаушылардың білімін тереңдетуге ерекше орын беріледі. Сабақтар күннің екінші жартысында күніне 2-3 сағаттан өткізіледі.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар кешенді тестілеу түрінде емтихан тапсырады.

Дайындық бағдарламаларымен ХБК туралы -> Инновация және қосымша білім беру институты -> Кәсіби және дайындық курстары бөлімінен таныса аласыз.