Қауіпсіздік қызметі

Қауіпсіздік қызметі «Халықаралық білім беру корпорациясының» АҚ («ХБК») жеке құрылымы болып табылады.

Қауіпсіздік қызметі нысандарды, мүлікті қорғау, коммерциялық құпияны, ХБК қызметкерлері мен білім алушылардың жеке қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету бағытында өз қызметін жүзеге асырады. 

Қауіпсіздік қызметі қажетті жағдайда алға қойылған міндетті орындау мақсатында автокөлікпен, арнайы қауіпсіздік және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. 

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • ХБК нысандарын тәулік бойы қорғауды жүзеге асырады, ғимаратта және ХБК территориясындағы қызметкерлер мен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  • құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірге коммерциялық құпия мәліметтер тізімін, сондай-ақ ХБК барлық қызметкерлерінің ақпараттарды қорғау жүйесін пайдалануын анықтайды;
  • барлық ғимараттарда өткізу тәртібін ұйымдастырады, қорғалатын нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігін бақылайды;
  • білім алушылар мен оқытушылардың ішкі тәртіпті сақтауын тексереді, сондай-ақ корпорация территориясындағы барлық тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарға шара қолданады;
  • қорғалатын нысандарды күзетке тапсыру үшін ереже орнатады және күзетті жүзеге асырады;
  • ХБК құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық тұлғаларына және жалға алушыларға қорғау мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты қабылдауға міндетті ұсыныс береді;

Қауіпсіздік қызметі – ауысыммен жұмыс істейтін бөлімшелермен ХБК біртұтас құрылымы.

Әр ауысым қорғалатын нысандарға сәйкес, әрекеттестікте және бірін-бірі толықтырып өз қызметтік міндеттерін орындайды, жеке тұлға қауіпсіздігі, материалдық құндылықтарды сақтау және қорғалатын нысандарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша толық шаралар кешенін қамтиды.

Қауіпсіздік қызметінің кадрлар құрамы 21-45 жас аралығындағы, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен, ішкі істер органдары немесе 19.10.2000 ж. Қазақстан Республикасының «ҚР қорғаныс қызметі туралы» Заңына сәйкес арнайы дайындығы бар ҰҚК қызметкерлер қатарынан құралады және шарт негізінде қабылданады.

ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Аяганов Алмабек Мухамедьянович

Телефон: 8 (727) 220-81-06 вн.1151