Қамқоршылар кеңесі

Қамқоршылар кеңесі – хбк-ның қазақстандағы халықаралық үздік университеттердің бірі мәртебесіне жету үшін көмектесетін тиімді орган.

Қамқоршылар кеңесі – ХБК-ның қазақстандағы халықаралық үздік университеттердің бірі мәртебесіне жету үшін көмектесетін тиімді орган.

ХБК Қамқоршылар кеңесі 2007 жылы Қазақстан Республикасының мүддесі үшін ЖОО интеллектуалды әлеуетін тиімді пайдалану және оған қажетті ұйымдастырушылық-материалдық қолдау көрсету мақсатында құрылды.

ХБК Қамқоршылар кеңесін құру және жұмыс істеуі 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңы мен Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы Бұйрығының шеңберінде жүзеге асырылды.

ХБК Қамқоршылар кеңесі жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі бірлестігі және ХБК білім беру және шаруашылық қызметіне қолдау әрі көмек көрсететін алқалы кеңес беретін орган болып табылады. Қамқоршылар кеңесі өз қызметі барысында Қазақстан Республикасы Үкіметнің Қаулыларын, ХБК Жарғысын, ХБК Қамқоршылар кеңесі туралы Ережені, билік органдарының басқа да нормативтік құқықтық құжаттарын басшылыққа алады. Қамқоршылар кеңесі жергілікті билік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мекемелермен, ұйымдармен, бейіндік кәсіпорындармен ең тиімді өзара әрекеттесуіне көмектеседі.

ХБК Қамқоршылар кеңесінің құрамына әйгілі түлектер – мемлекеттік мекемелердің, білім беруді басқару органдарының, кәсіпорындар мен инвестор ұйымдардың, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ студент жастар өкілдері кіреді. Қамқоршылар кеңесі ЖОО басшылығымен, оның бөлімшелерімен, оқытушылары мен студенттерімен жұмыс бойынша үнемі байланысу арқылы ХБК өміріне белсенді араласады. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері перспективалық даму жоспарларын әрдайым талдап, оқу бағдарламаларын жетілдіру, білім беру үдерісіне қазіргі заманғы технологиялар енгізу, ЖОО оқу-ғылыми және материалдық-техникалық базасын кеңейту жөнінде ұсынымдар енгізеді.

ҚК қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – тұрмысы төмен жанұядан шыққан студенттерге, жетім балаларға, дарынды жастарға, сонымен қатар шет елден (Мысыр, БАЭ, Қытай, Корея, Түркия, Италия және т.б.) тәжірибе алмасуға баратын студенттерге демеушілік қолдау көрсету.

ХБК Қамқоршылар кеңесіне сәулет-құрылыс, ғылыми, саяси, экономикалық және т.б. салаларының көшбасшылары мен кәсіби салада жетістіктерге жеткен және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға өз үлесін қосуға дайын түлектеріміз кіреді. Олардың ішінде: республикалық органдар өкілдері (ҚР Аймақтық Даму министрлігінің Сәулет, қала құрылсы және құрылыс департаменті, Алматы қ. Сәулет және қала құрылысы басқармасы), қазақстандық ірі компаниялар басшылары (ҚР-дағы БҰҰ Көмек беру қауымдастығы, ҚР ҰҒА, «Казгор ЖА» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Алматыгипрогор», ҚазҒЗСҚАИ, «ВЕК Корпорациясы», «Элитстрой», «Астана-Құрылыс», «Алматысу» МКК, KNAUF, ТЮРКСОЙ, «Масимовтың сауықтыру орталығы» және т.б.), кәсіптік және шығармашылық одақтар (Қазақстан Құрылысшылар қауымдастығы, Сәулетшілер одағы, Дизайнерлер одағы, ҚР қала құрылысшылары Одағы). ХБК Қамқоршылар кеңесі біздің оқу орнының барлық бағыттарын жетілдіруге белсенді қатысатын ықпалды орган болып табылады.

ХБК Қамқоршылар кеңесінің негізгі мақсаты:
• Қазақстан Республикасының мүддесі үшін ХБК қызметкерлері мен студенттерінің интеллектуалды әлеуетін тиімді пайдалану және оған қажетті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсету арқылы ХБК-ның алдағы дамуына әрекет ету.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер шешіледі:

  • ХБК-да білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; ХБК стратегиясы мен тактикасын анықтау;
  • Әлемдік білім беру жүйесіне ХБК-ның енуіне жәрдемдесу, іргелі ғылым мен жаңа технологияны жасаудағы басым бағыттарға бірінші кезекте қолдау көрсету;
  • Ерекше қабілеттілік танытқан азаматтарға таңдаулы жоғары білім алуына жәрдемдесу;
  • ХБК студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін олардың интеллектуалды және мәдени дамуының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында оңтайлы жағдай жасау;
  • ХБК инновациялық бағдарламаларын жасау;
  • ХБК оқу-ғылыми және материалдық-техникалық базасының дамуына жәрдемдесу;
  • ХБК демеушілік қолдауын жүзеге асыру үшін жекеменшік Қорын құру;
  • Дарынды студенттерге, соның ішінде жетім балалар мен тұрмысы төмен жанұядан шыққан студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қамқоршылар кеңесінің арнайы стипендиалық Қорын құру;
  • ХБК Түлектер қауымдастығы (ТҚ) қызметіне қолдау көрсету.
  • Қамқоршылар кеңесінің отырысы жылына екі мәрте өткізіледі, көктемде және күзде.

Білім беру сапасын үнемі арттыруда, оның үздік әлемдік стандартқа сәйкестігіне ХБК-ға жәрдемдесуде органның болжамды мақсаты мен міндеттері ХБК бәсекеге қабілетті мамандарды тек ішкі нарық қызметіне ғана арнап дайындамай, сонымен қатар біздің түлектердің халықаралық деңгейді сәтті меңгеруіне мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, Қамқоршылар кеңесі ХБК-да білім беру жүйесінің қызметін басқару органы бола отырып, Қазақстанның азаматтарын, бірінші кезекте, еліміздің жастарын сапалы білім алу конституциялық құқығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасауы тиіс.