Студенттік клубтар мен ұйымдар

Студенттік шақ өмірдің ең жарқын да, қызықты кезеңі. Жалындаған жастықтың, достықтың, мүмкіндіктердің уақыты. Әр күн сайын жаңа нәрсе үйреніп, біліміңді толықтыратын кезең. Ал, Халықаралық білім беру корпорациясында студенттік өмір тіптен керемет.

Мұнда жастардың білім алуына, спортпен шұғылдануына және бос уақытын көңілді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Студентер үшін жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын Студенттер одағы ғимараты бар. Ол жерде студенттер әр-түрлі мерекелік шаралар мен жиындарды өткізеді, атап айтсақ: «КТА», «ҚазБСҚА аруы», «ҚАУ аруы», «Бірінші курс таланттары» т.б.  Cонымен бірге түрлі студенттік ұйымдар мен клубар жұмыс істейді.

Халықаралық білім беру корпорациясындағы қызыққа толы студенттік өмірге қош келдіңіздер!