Аудиториядан тыс жұмыстар

Аудиториядан тыс жұмыс

Аудиториядан тыс жұмыстардың 2019-2020 жылғы жоспары

«Бірлік пен бірегейлік» музыкалық фестиваль
 
26.02.2020ж. ҚазБСҚА-да Қазақстанның халық Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Бірлік пен бірегейлік» музыкалық фестивалі өткізілді. Іс-шараға ҚазБСҚА ЖҚФ-нің бірінші және екінші курс студенттері қатысты.
Фестивалді ҚазБСҚА Қазақстан халықтарының студенттері ассамблеясының төрағасы Көшабаев Темирлан ашық деп жариялады. Ол барлық қонақтар мен қатысушыларды ҚХА-ның жылдық мерейтойымен құттықтап, Ассамблеяның басты мақсаттары мен міндеттері, ҚХА-ның конституциялық мәртебесі мен мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыратынын атап өтті.
«Ұлы Дала елінің балалары ана сүтімен әр түрлі этностар мен конфессия өкілдерінің мәдениеттерін, құндылықтарын өзіне сіңірді. Бұны бізге тарих пен ата-бабаларымыз үйретті. Этникалық алуан түрлілік біздің еліміздің әлсіздігі емес, оның байлығы». Елбасының бұл сөздері әрдайым әділ және маңызды, себебі елдер біздің еліміздің этносаралық келісімінің бірегей тәжірибесін пайдаланған сайын, бейбітшілік соғұрлым қауіпсіз болады. Ассамблея тарихы – біздің достық пен тұрақтылықтың тарихы.
            ҚазБСҚА Қазақстан халықтарының студенттері ассамблеясы 14 ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіреді, Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы білімінің кең таралуына ықпал етеді, Қазақстанның әрбір этносының дәстүрлері мен өзіндік ерекшеліктерімен таныстырады, студенттерге Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тіліне және құндылықтарына құрметпен қарауды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Кеш барысында Ермеков Елжан, Башкирцева Альбиналар орыс, украин, қазақ, ұйғыр және т.б. тілдерде өлеңдер оқыды. Кірқабак Айдос, Сериков Мадияр, Юсупова Зарина, Усенгали Бекарыс, Шеряк Екатерина, Қалимжанов Еламан, Мельдебеков Альнурлардың орындауында әндер шырқалды. Әр халықтың ұлттық билері орындалды: Русланова Ақтолқын мен Есмағамбетова Әйгерімнің қазақ биін, Кеңес Ақботаның ұйғыр биін биледі. Татаров Амирдың жетекшілігімен бишілер тобының орындауында әсерлі лезгинка көпшілікті бір серпілтіп тастады. Фестиваль қатысушылардың орындауындағы «Қара Жорға» биімен аяқталды.
Академияның ең әдемі қыздарының ұлттық киімдері ерекше қызығушылық тудырды. Студенттер өз қабілеттері мен таланттарын үлкен ықыласпен көрсетті. Ал біздің академияда креативті және шығармашылық студенттер өте көп. Осының дәлелі музыкалық фестиваль болмақ.
 
ҚазБСҚА-дағы мерейтойлық спартакиада
24 Ақпан 2020ж.
 
2020 жылдың 24 ақпанында бұқаралық дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында, ҚазБСҚА қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ҚазБСҚА ПОҚ мен қызметкерлері арасында СБжСС проректорының жалпы басшылығымен 20-шы мерейтойлық спартакиада өткізілді. Оған ЖҚФ, ҚТжМФ, ЖБПФ, ҚазБСҚА жанындағы Колледж, ҚазБСҚА жанындағы Лицей және ҚазБСҚА қызметкерлері белсенді қатысты.
Дәстүрлі спартакиада спорттың 6 түрі бойынша өткізілді: волейбол, дойбы, үстел теннисі, эстафета, Дартс, баскетбол.
Спартакиаданы аша отырып, СҚҚ проректоры қатысушыларды құттықтап, спорттық сәттілік пен жеңіске деген жігер тіледі.
 Спартакиада әр қатысушы үшін ұмытылмас оқиға болып, жарқын әсер қалдырды.
Спартакиада жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
 
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды:
3 орын – ЖҚФ командасы
2 орын-ҚазБСҚА жанындағы колледж
1 орын - ҚазБСҚА қызметкерлері
 
Махаббат мекені
 
Қазақстанда 2019 жылдан бастап «Алғыс айту» күні тойлана бастады. Бұл мейрам көктемнің алғашқы күні, 1наурыз күні тойланады. Мереке күні өз достарыңды, туысыңды, ата-анаңды, құрбыңды және ұстаздарыңды құттықтайсыз. Тіпті сыйлықтар сыйлап, әдемі сөздер айтуға болады.
Бірінші курстың Арх-19*, РПЗС-19-1* топтары, «AРДИ» (мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы) мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесіп, оларға алғыс айтуды шешкен болатын. Олар орталықпен танысып, жағдайды өз көздерімен көріп, қандай көмек қажет екенін білгісі келді. Студенттерді «АРДИ» орталығымен таныстырды. Шынына келсек, өте қиын. Біз осы орталықты құрған және осында жұмыс жасайтын адамдармен мақтанамыз! Орталыққа мүгедек балаларын алып келетін ата-аналарға қайран қаламыз. Олармен жақсы жұмыс жасаса, балалар жақсылыққа үміттенеді. Студенттер концерт  ұйымдастырып, шағын сыйлықтар таратты.
 
1 наурыз – алғыс айту күні
 
1 наурыз - қазақстандықтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіретін күні - Алғыс айту мерекесі. Бұл бірлік пен достық мейрамы. Қазақстанда бұл мереке жарияланғалы жыл сайын атап өту дәстүрге айналды.
Сәулетшілер ордасының Жалпы білім беру пәндері факультеті оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 наурыз күні Алғыс айту мерекесі атап өтіліп, академия деңгейінде үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламамен басталған шара оқытушылардың студенттерге арнап жайған дастарханымен ұласты.
Кеш аясында болашақ сәулетшілер қазақ және шет елдің ғажайып әндерін шырқап, би биледі, өлең оқыды. Райзаев Айсұлтан, Байғалиева Әдемі, Абрек Аружан, Мұратова Айнұр, Амантай Шаяхмет, Ибрагимова Диана, Жиенбекова Рамина сияқты өнерпаздарымыз барша көрермендерді ерекше сезімге бөледі.
Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Жылдың бір күнінде бір-бірімізге алғыс айтып, ризашылығымызды білдіріп жүрсек артық етпейтін секілді.